Алматыда жол ережесін 189 рет бұзған жүргізуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол ережесін 189 рет бұзған жүргізуші ұсталды

14.05.2024

Алматыда 6,5 млн теңге айыппұл төлемей, жалтарып жүрген жүргізуші ұсталды. Ол жол ережесін 189 рет бұзған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, электромобиль иесі Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталған. Оған жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу бойынша айыппұл салынды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу