Интернет алаяқтарға алданғандардың 2%-ы ғана қаржысын қайтарып алған. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, қазақстандықтар былтыр 12 млрд теңгесінен қағылған. Әзірге 253 млн теңгенің шығыны өтелді. Ұрланған ақшаны қайтару қиынға соғып тұр. Министрлік мұны кибералаяқтардың өзге ел азаматтары екендігімен байланыстырды.
Айя Мүтәлі