Әйеліне қол жұмсаған дипломат қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйеліне қол жұмсаған дипломат қызметінен босатылды

13.05.2024

Әйеліне қол жұмсады деген күдікті Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінде кеңесші болған Сәкен Мамаш қызметінен босатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Ол бұл салада 15 жылдан астам қызмет еткен. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ведомство өкілі күйеуімнен жәбір көрдім деген Карина Мамашпен кездескенін айтты. Осы даудан кейін Сыртқы істер министрлігі шетелде жұмыс істейтін қазақстандық дипломаттардың психологиялық тексеруден өткізетін болды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу