Үш сағат бұрын бүкіл ел күткен Бишімбаев ісі бойынша сот үкімі оқылып, әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев 24 жылға ал туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. Экс-министр жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейді. Дегенмен, Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатып айтады.
Нұрсұлтан Тілектес,тілші:Бір жарым айға созылған сот процессіне нүкте қойылды. Соттың үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға ал, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды. Жәбірленуші тарап бұндай нәтижеге қалың көпшіліктің қолдауының арқасында жеттік дейді.
Алдын ала мәлімет бойынша үкімнің шығуына 10 алқаби мүшесінің 8 дауыс берген. Естеріңізде болса алқабилердің сот процесіне қатысуын Қуандық Бишімбаевтың өзі өтінген еді.
Айжан Күлбаева, судья:Сот алқабилерінің үкімімен Бишімбаев Қуандық Қылмыстық кодекстің 110-бабы «Азаптау» және 99-бабы «Аса қатігездікпен кісі өлтіру» бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал, Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432 бабы бабы, яғни «Қылмысты жасырып қалу» бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылады.
Экс-министрді өмір бойынша бас бостандығынан айыруды сұраған марқұм Салтанаттың жақындары сот үкімімен келісеміз дейді. Өйткені 24 жыл аз уақыт емес.
Айтжан Амангелді, Салтанат Нүкенованың ағасы:24 жылдан кейін ол 68 жасқа толады. Бұл өмір бойы темір торға тоғытылғанмен бірдей. Түрмеде сотталғандарды қалай ұстайтынын есепке алсақ, Бишімбаев 68 жасқа дейін өмір сүрмеуі де мүмкін. Біз осы күнге жету үшін көп тер төктік.
Бишімбаев пен Байжанов сот үкімі күшіне енген күннен бастап 15 күннен кейін апелляцияға өтініш бере алады. Сондай-ақ мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы да мүмкін.
Жанна Оразбахова, жәбірленуші тараптың адвокаты:Мерзімінен бұрын сроктың 3/2 өтсе ғана шыға алады. Оның өзінде тағы ержелері бар. 14 жыл отыруы керек.
Яғни, Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын 2040 жылы ғана бостандыққа шыға алады. Ал, Байжановқа кемінде 2,5 жыл түрмеде отыруға тура келеді.
Нұрсұлтан Тілектес