Қазақстанда бензин сатылымы шектеледі. Шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізілмек. Құн салығын ескере отырып, бензин үшін төмендегідей шекті бағалар белгіленеді.
Шетел азаматтарына АИ-80 бензинінің литрі - 89 теңгеден сатылады. Ал АИ-92 және АИ-93-тің литрі - 245 теңгеден. Дизель отынының бір литрі - 315 теңге көлемінде белгіленеді. Қазақстандық жүргізуші құжаттары барларға АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің литрі - 205 теңге, лимиті күніне 100 литрге дейін. Ал дизельдің бір литрі - 295 теңге. Жеңіл көліктерге лимит 100, ал жүк көліктеріне 300 литрге дейін.
Жантас Сәбит, ҚР Энергетика министрлігі басқарма басшысының міндетін атқарушы:
Осылайша ҚР куәлігі және көлік тіркеу куәлігі бар азаматтар үшін бензин және дизель отыны өзгеріссіз болып қалады. Бүгінгі таңда ҚР жанар-жағармай қорларын үздіксіз жөнелту толықтыру жүргізілуде. Соған байланысты ішкі нарықта барлығы тұрақты.
Оңғар Алпасыбайұлы