Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Президентке ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:Министрліктің атқарған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары жөнінде де айтып кеттім. Яғни ол ұйымдастырушылық және заңнамалық жұмыстарға, сондай-ақ біз жетекшілік ететін салаларды дамытуға қатысты тоқталып өттік. Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Алдағы уақытта біздің министрлік осы тапсырмаларды белсенді жүзеге асыратын болады.
Оңғар Алпысбайұлы