Ақтөбе облысында 79 шаруа қожалығына өтемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 79 шаруа қожалығына өтемақы төленді

13.05.2024

Ақтөбе облысында тасқын кезінде 185 кәсіпкерлік нысанға залал келген. Оның басым бөлігі агроөнеркәсіп кешендері мен қызмет көрсету мекемелері. Бизнес өкілдерінің мәліметінше, шығын көлемі 3,9 миллард теңге шамасында. Нақты мөлшері бағалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады. Қазір өңірде өлген малға өтемақы беру жұмысы жалғасып жатыр. Облыс бойынша 3 232 бас мал өлген. Оның 1 280-іне өтемақы төленді. Яғни, 79 шаруа қожалығы мен жекелеген тұрғындарға 229 миллион теңге көлемінде қаржы берілген.

Панабек Бимұратов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

Бұл жұмыстар әлі жалғасын табады. Дерекқорда бар, бірақ малдың өлексесі табылмаған, құлағында сырғасы жоқ малдар жиналып жатқан қаржыландыру қоры арқылы төленетін болады алдағы уақытта.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу