Өзбекстанда қатты жауын салдарынан сел жүріп, көпірді бұзып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда қатты жауын салдарынан сел жүріп, көпірді бұзып кетті

13.05.2024

Өзбекстанда қатты жауын салдарынан сел жүріп, көпірді бұзып кетті. Оқиға Қашқадария облысында болған. Шырақшы мен Шахрисабз ауданын жалғайтын Қызылдария өзеніндегі көпір тасқын суға шыдас бермей, қақ бөлінген. Өткелді су шайып кеткенін жергілікті тұрғындар түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Облыстық абаттандыру басқармасы көпірді қайта қалпына келтіру шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Ал, Сұрхандария облысында сел мен су тасқынынан 360 бас қой өлген. Санитарлық қызмет мамандары қырылған малды көміп, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарда сақ болуды ескертті.

Төтенше жағдайлар министрлігі:

«Төменгі аймақтарда күн жарқырап, ыстық болғанымен, таудың басында жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Бұларға жел қосылса, қауіп екі есе артады. Сондықтан, тауға шыққанда абай болу қажеттігін ескертеміз».

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу