Арқалықта 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалықта 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды

13.05.2024

Қостанай облысының Арқалық қаласында бес қабатты 50 пәтерлік үйдің құрылысы басталды. Мұндағы баспаналар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға беріледі. Пәтерлер 3 бөлмелі, аумағы 70-80 шаршы метр көлемінде болады. Үйдің жан-жағы абаттандарылып, балаларға арналған ойын алаңдары салынады. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары күздің алғашқы айында аяқталуы тиіс.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу