«Super Bol» бірегей футбол реалити-шоуы халықаралық деңгейге көтерілді. Кәсіпқой футболшы болуды армандайтын жеткіншектерге ерекше мүмкіндік беретін жоба Қазақстанда осыдан екі жыл бұрын басталған. Осы кезеңде реалити-шоу 15 жасөспірімнің кәсіби футболға қадам жасауына жол ашты. Жобаның биылғы ерекшелігі, іріктеу кезеңіне Өзбекстан мен Қырғызстаннан да жастар тартылып отыр. Ташкентте өткен кастингте 2 мыңдай жас бақ сынады. Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкенттен қатысады.
Сондай-ақ көршілес Өзбекстан мен Қырғыз елі де кастинг қатысушыларын қабылдайды. Ташкенттегі іріктеу Өзбекстан футбол қауымдастығының арнайы базасында өтті. Бұл ұйым- жобаның ресми серіктесі. Таланттарды тап басып таңдау міндеті кәсіби жаттықтырушы мен скауттарға жүктелген.
Ұлан Қонысбаев, «Super Bol» жобасының скауты:
Бұл жас балаларға өте жақсы жоба. Енді жас балалар футболда үлкен мүмкіндігін ала алмағандықтан, оларға бақтарын тағы бір сынау үшін жаңа мүмкіндік беріліп отыр. Өзбекстан астанасы бесінші қала. Әр қаладан қарап жатырмыз.
Спортты жанына серік етсем деп армандаған жастарды бір құрамада тоғыстыратын әлеуметтік-спорттық жобаның іріктеу шараларына әдетте, әйгілі футболшылар келеді. Бұл жолы да ағылшын елінің аты аңызға айналған қақпашысы Дэвид Джеймс құрметті қонақ ретінде қатысты. Қазақстандық «Super Bol» бірегей жобасынан хабардармын деген спортшы, қатысушы өрендердің аяқалысын сырттай бақылап жүргенін айтады.
Дэвид Джеймс, футболдан Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы:
Мен осындай жобаны Қытайда жүзеге асырғым келген. Бірақ пандемия кедергі болды. Кейін Қазақстанда «Super Bol» басталғанын естіп, қатты қуандым. Себебі футбол үлкен индустрия. Бұған көп қаржы құйған сайын пайдасы да еселеп артады. Бастысы жастардың өсіп-жетілуіне жағдай жасалады.
Алғашқы сыннан өткендер Шымкенттегі арнайы футбол базасына барады. Қатысушылар жатын орын мен өзге де керек-жарақпен қамтамасыз етіледі. Ал 1 айдан соң олар шешуші шоу-матчта бар шеберлігін көрсетіп, кәсіби ойыншы атануға мүмкіндік алады.
Тимур Турлов, «Freedom Holding Corp» басшысы, жобаның бас демеушісі:
Бұл идеяны алғаш рет 2021 жылдың көктемінде талқыладық. Жастар футболында балаларға өсу үшін жағдай жасауды ұйғардық. Өйткені бізде таланттар өте көп. Олар белгілі себеппен футболдағы мансабын жалғастыра алмауы мүмкін. Алғашқы жылы солардың үлкен қызығушылғын көрдік.
Реалити-шоуға 17 мен 23 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. «Super bol»-дың бұған дейінгі екі маусымында 15 жеткіншек үздік атанған еді. Олар осы күні Қазақстан кәсіби футбол клубтары мен жастар құрамасының сапына қосылды.
Базаркүл Отыншиева