Ауғанстанның Бағлан провинциясын жайлаған су тасқынынан 151 адам қаза тапты, Мұны елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Табиғи апаттан 135 адам жараланған. Өңірде дамылсыз нөсер жауын жауды. Үйлерге, тұрғындардың дүние-мүлкіне зақым келген. Тасқыннан зардап шеккен аудандарға құтқару бригадалары азық-түлік пен басқа да қажетті көмек жеткізді.
Арай Төлегенқызы