Қостанай мен Арқалық қалаларында 101 пәтер сатып алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай мен Арқалық қалаларында 101 пәтер сатып алынды

10.05.2024

Қостанай облысында 473 отбасына арнап жаңадан үй салынады немесе сатып алынады. Су тасқынынан зақымданған үйлердің 796-сы жөндеуді қажет етеді. Арнайы комиссия бүгінде өңір бойынша су астында қалған баспаналардың 95 пайызына тексеріс жасаған.

Бұл туралы Премьер-министрдің қабылдауында болған облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндады. Үкімет резерві мен демеушілік қаражат есебінен Қостанай мен Арқалық қалаларында зардап шеккен тұрғындар үшін 101 пәтер сатып алынды.

Сондай-ақ Арқалықта 50 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Жангелдин және Амангелді аудандарында «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен 68 жеке тұрғын үй салынады. Қостанай қаласындағы Қостанай және Қарасу аудандарында демеушілер есебінен 36 үй салу жоспары бар.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу