Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде 20 дзюдошымыз бақ сынап жатыр. Оның 14-і жарысты алғашқы айналымнан аяқтады. Қыздардан 52 және 57 келіде күрескен барлық спортшымыздың жолы болмады. Жарыста сенсация жасап жатқан отандастарымыз да бар. 66 келіде ел намысын қорғап жатқан Жанарыс Рахметқали, екінші айналымда кореялық екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың күміс, қола жүлдегері Баул Анды жеңді. Сондай-ақ, дзюдо жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленген 60 келідегі Елдос Сметов, іріктеу кезеңіндегі бірінші белдесуін португалиялық балуанмен өткізіп, жеңіске жетті. Ал, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев, эстониялық, Қуат Есенов, Изараиль спортшысынан айласын асырды. Айта кету керек, жарысқа қатысып жатқан жерлестеріміздің 70 пайызы жастар.