Атырау облысындағы Лесхоз қыстауының тұрғындары эвакуацияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы Лесхоз қыстауының тұрғындары эвакуацияланады

09.05.2024

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау облысы Махамбет ауданындағы Лесхоз қыстауының тұрғындары эвакуацияланады. Өйткені елдімекен Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан. Қыстаудағы 7 үйдің 30 тұрғыны үшін Дүйсенғали Түленов атындағы орта мектептегі эвакуациялық пункт дайын тұр. Қазір ауданда су деңгейі шекті нормадан асып, 9 метр 10 см-ге жетті. Индерде 10 метрге жуықтаған. Ал Атырау қаласында бүгін 5 метр 23 см. Қазір өңірде тасқынға қарсы қосымша бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу