Жайықтың деңгейі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ гидробекетінде 944 см-ге жетті. Елді мекендерге тасқыннан қауіп жоқ. Қазір өзен суы өңір аумағынан Атырау облысының Индер ауданына ойысып жатыр. Аймақтағы су басқан аудандарда электр және газ желілерін қалпына келтіруге облыстық резервтен 278 млн теңге бөлінді. Тасқын салдарынан Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында жарық сымдары үзіліп, электр бағандары мен трансформаторлар суда қалды. Газ құбырларына да зақым келді.
Сондай-ақ бастапқыда төтенше жағдай салдарын жоюға облыстық резервтен 1,4 млрд теңге қаражат жұмсау жоспарланған еді. Облыстық мәслихаттың шешімімен тағы 2 млрд теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржы қазір зардап шеккен тұрғындарға бірреттік әлеуметтік көмек беруге және мал шығынын өтеуге де жұмсалып жатыр.
Нұрлан Есенғалиев, Облыстық қаржы басқармасының басшысы:278 млн теңге көлемінде қаражат облыстық резервтен аудандардағы электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына бөлінді.
Ардақ Мұратқызы