Анкарада  түркітектес елдердің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада  түркітектес елдердің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

10.10.2016
Анкарада  түркітектес елдердің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өкілетті кеңесінің ұйытқы болуымен өткен жиынға беделді саясаткерлер, ғалымдар, ұйым басшылары мен қазақ жастары қатысты.

Конференцияға қатысушылар түркі мемлекеттерінің 25 жылда жеткен жетістіктерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бақытжан ОМАР

Толық нұсқа 

Хабарламаларға жазылу