Әлемнің бірнеше елінде «Өмір қанаты» атты жүгіруден қайырымдылық жарысы өтті. 169 елде өткен шараға 260 мыңнан аса адам қатысқан. Мақсаты - жарақат алған адамдарды аяғына тұрғызуға көмектесу. Сайыстың ерекшелігі - барлық қатысушылар күн демей, түн демей бір уақытта жүгіре бастайды. Биылғы қайырымдылық шарасынан 8 миллион еуродан астам ақша жиналған. Бұл қаражат жұлын жарақатын емдеуге бағытталған клиникалық сынақтарға жұмсалады.
Арай Төлегенқызы