Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бұл үйлер тасқын кезінде баспанасы құлап далада қалған тұрғындарға беріледі. Қазір олардың бірқатары көмек ретінде жеткізілген киіз үйлерді, енді бірі туған-туыстарын паналап жүр. Әзірге құрылыс екі ауылда жүріп жатыр. Соның бірі Тәуіште – 22 үй, Көлқамыста 19 үй салынады. Баспана құрылысын барынша қысқа мерзімде аяқтау жоспарланып отыр.
Нұрбибі Жабағина, Тәуіш ауылының тұрғыны:
Бізге үй салуға құрылысқа балалар келіп жатыр. Енді осы үйді бізге жылдамдатып салып берсе. Алда осындай апат болмаса екен. Жұмыстарына сәттілік тілейміз. Жақсы жыл болсын дейміз.
Дәуренбек Әбдібек