Қостанайда тоққа түсіп қаза тапқан қыз баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тоққа түсіп қаза тапқан қыз баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты

03.05.2024

Бала өліміне әкелген көбік кешінің ұйымдастырушысы сотталды. Бұл туралы Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық соты хабарлады. Сотта айыпталушы кештің ұйымдастырушысы емес, орындаушы екенін алға тартып, өз кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот қауіпсіздік шарасын ескермеген ұйымдастырушы, 24 жастағы Алина Күзенбаеваны 4 жылға соттау туралы үкім шығарды. Еске салсақ, өткен жылы жазда Ұзынкөл ауданында болған көбік кешінде 9 жасар қыз бала тоққа түсіп, көз жұмды.


Хабарламаларға жазылу