Тасқыннан зардап шеккендер коммуналдық төлемді шегере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккендер коммуналдық төлемді шегере алады

03.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар коммуналдық төлемдерін кейінге қалдыра алады. Үкімет қабылдаған шешімге сәйкес, тұтынушылар наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді өсімпұлсыз шегеруіне болады. Абоненттердің тізімін жергілікті атқарушы органдар әзірлеп, коммуналдық кәсіпорындарға жібереді. Олар тізімге сәйкес тиісті шараларды атқарады. Егер бұл мәселе бойынша тұтыншулырда сұрақ туындаса, Ұлттық экономика министрлігінің аумақтық департаментіне хабарласуы керек.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу