Жайықтың Атыраудағы тұсында ағыс күшейді. Нөпір суды бірінші болып қабылдайтын Индер ауданында су бірден 38 см-ге көтеріліп, жалпы деңгейі - 788 см-ге жетті. Қауіпті меже – 845 см. Ал Махамбет ауданындағы гидробекетте су деңгейі - 812 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгейге 1 метрден аз қалды. Ал, Атырау қаласында су деңгейі 12 см-ге көтерілді. Жалпы деңгейі 471 см-ге жетіп отыр. Қазір өңірде 515 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды. Жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жайықтың Атыраудағы тұсында ағыс күшейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/193276/)