Алматыда 14 мыңнан астам азамат жеке куәліксіз жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 14 мыңнан астам азамат жеке куәліксіз жүр

02.05.2024

Алматыда 14 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжатсыз жүр. Қалалық полиция департаменті 16 жасқа толған азаматтардың жеке куәлігін алуға асықпайтынын айтып отыр. Егер 10 күннің ішінде рәсімдеп үлгерсе тек ескерту беріледі екен.

Ал бір айдың ішінде құжатын алып үлгермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 26 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтінін ескертеді. Мамандар, жеке куәлікті алу үшін азамат ата-анасының біреуімен туу туралы куәлігін алып халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Дайын құжатты 3 мың теңге төлеп, 1 күнде немесе асықпай тегін 15 жұмыс күн ішінде ала алады.


Хабарламаларға жазылу