Кентаулық қыз баланың жинақ құтысы мұражайда сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентаулық қыз баланың жинақ құтысы мұражайда сақталады

02.05.2024

Кентаулық қыз баланың жинақ құтысы Құлсары қаласының мұражайында сақталады. Түркістан облысы Кентау қаласында тұратын Гаухар Шаймерден есімді кішкентай қыз өзінің ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына берген болатын. 4 сыныптың оқушысы смартфон сатып алу үшін жыл бойы ақша жинаған екен. Гаухардың сәлемдемесін ризашылықпен қабылдаған тұрғындар, оның жіберген ақшасын жұмсамай, жергілікті мұражайда сақтап қоятын болды. Бұл кішкентай қазақстандықтардың игі істерінің символы болмақ.

Гаухар Шаймерден, Кентау қаласының тұрғыны:

Мен Құлсарыға көмек берейін. Сол менің қаражатым кішкене солардың киім-кешектері заттары суға батып кетті ғой, жаңасын алсыншы деп бердім. Сөйтіп анам жарайды деп Құлсарыға копилкамды бердім. 


Хабарламаларға жазылу