Біріккен Араб Әмірліктерінде бүгін нөсер жауын құйды. Осыған байланысты елдің әр аумағында мектептер мен университеттер онлайн оқуға көшкен. Қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Дубай халықаралық әуежайында ондаған ұшақ рейсі кейінге шегерілді. Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруінен Парсы шығанағының кейбір бөліктерінде ылғалдылық жоғарылап, су тасқыны жиілеуі ықтимал. Нөсер жауынға төтеп беру Біріккен Араб Әмірліктері тәрізді дренаждық инфрақұрылым жоқ елдер үшін қиынға соқпақ.
Арай Төлеген