Елімізде электронды темекіге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде электронды темекіге тыйым салынды

02.05.2024

Елімізде электронды темекіге тыйым салынды. Заңға 19 сәуір күні Мемлекет басшысы қол қойды. Енді оны сатқан, шетелден тасымалдап және жарнамалаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аида Ахметбек рет-ретімен..
Вэйпке жігіт те, қыз-келіншек те үйір. Тіпті балалар арасында да тарай бастады. Депутат Нұргүл Тау электронды темекі шегетіндердің ең жасы 7 жаста екенін айтады. Ол осыдан бір жыл бұрын осы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдаған. Кейін Заң әзірленіп, құжат қабылданды.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мұнда әкелуге, өндіруге, сатуға және жарнамалауға толық тыйым салынды. Енді кейбір азаматтар маған сұрақ қойып жатыр. Неге шегіп жүрген адамға тыйым салмаймыз деп. Бізде Конституцияда адам құқығы бар деген бар. Әр жеке адамның құқығын шектеу деген жоқ. Сондықтан әкелмесе, ешкім оны сатпаса, оны жарнамаламаса, ешкім өндірмесе, мен ойлайтын азаматтар тартпайтын болады. Ал осы вэйпке қарсы күресіп жүрген дәрігер Азамат Сандыбайұлының пікірінше, вэйптен бас тартқан азаматтарды тегін сауықтыру қажет.

Азамат Сандыбайұлы, дәрігер:

Біздің тарапымыздан, дәрігерлерден мамандар керек толық қалпына келтіру үшін. Нарколог дейміз бе. Ондай жастармен жұмыс істеу үшін. Және ол тегін болса. Жас бала өз проблемасын айтса, маманмен жұмыс жасаса, осы кеселден толық құтылатын едік.

Дәрігерлер бүгінде жастар арасында қатерлі ісік ауруларының көбеюіне осы электронды темекінің әсері бар деп отыр.

Абзал Малбасқанов, пульмонолог:

Енді қазір өзімнің практикамда байқап жүргенім көп жағдайда қазір жастар келеді. 18 жаста, 20 жаста однаразка шегетіндер. Сол себептен олардың өкпелерін көп жағдайда көріп отқаным хобол деген ауру қазір жақсы дамып кетті сол осы вейптің кесірінен. Хобол деген көбінесе өмір сүру барысында темекі шеккен адамдар 30-40 жылдан кейін шалдығатын ауру көп жағдайда. Ал қазір 18-20 жасар балаларға сондай диагноз қобға мұқтаж болып отырмыз.

Аида Ахметбек, тілші:

Енді 60 күн бойы елімізде вэйпті сатпау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Кейін заң толық күшіне енеді. Бағынбағайтындарға қылмыстық іс қозғалып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу