Атырауда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан

02.05.2024

Атырауда жедел жәрдем қызметінің фельдшерін соққыға жыққан 20 жастағы күдікті ұсталды. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің өкілдері растады. Оқиға 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің мас екені анықталған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу