Кей өңірлерде электр желілерін қалыпқа келтіру мүмкін болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кей өңірлерде электр желілерін қалыпқа келтіру мүмкін болмай тұр

02.05.2024

Су басқан кей аймақтарда электр желілерін қалпына келтіру әзірге мүмкін болмай тұр. Электр бағандары тұрған жерлерден су кете қоймаған. Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов осылай деді. Тасқын кезінде бірнеше аймақта электр қуаты төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуымен әдейі өшірілген. Қазір Құлсарыда 1000-ға жуық абонент, Солтүстік Қазақстан облысында - 4 мың, Қостанай облысында - 700-ге жуық үйде электр жарығы жоқ. Кей өңірлерде жергілікті атқарушы билік елдімекендерді дизельді генераторлар арқылы жарықтандырып отыр. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында мәселе толық шешілген.

Сұңғат Есімханов, ҚР энергетика министрінің орынбасары:

Су кетіп, сол жерге қосуға мүмкіндік болса тез қосылады. Бағаналарды жөндеу керек болса әрине онда техниканың өту мәселесін тез қарастырып, тиісті жолдарды жасап, 2-3 күннің ішінде қосуға мүмкіндік бар. Бірақ кейбір жерлерде әәлі су кетпей тұрған мәселесі бар. Ол бақылауда. Күнделікті бақылауда ұстап тұрмыз.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу