Жыл басталғалы 3 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Ведомство басшысы өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді.
Сондай-ақ, жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиардтан астам теңгені қысқарту ұсынылғанын жеткізді. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады. Президентке Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге бірқатар тапсырма берді.
Асылбек Данияр