БҚО-да ауылдарға ауызсу көлікпен тасымалданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да ауылдарға ауызсу көлікпен тасымалданады

02.05.2024

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында Жайық деңгейі көтеріліп, бірнеше су ұңғымасы су астында қалды. Ауылдарға ауызсу көлікпен тасымалданады. Аудан әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, Мойылды, Ілбішін, Ақсуат, Атамекен, Қарауылтөбе, Базартөбе ауылдарына тіршілік нәрі көлікпен тасымалданады. Ол үшін облыстан көмек сұралған. Жөнелтілген техника округтерге бөлінеді. Қазір Орал қаласында Жайықтың деңгейі едәуір түсіп, мол су Ақжайық ауданының Ақсуат, Алмалы, Тайпақ ауылдарының тұсынан өтіп жатыр. Одан әрі Атырау облысына ойысады. Су деңгейі Тайпақ гидробекетінде бір тәулікте 51 сантиметрге көтеріліп, 762 сантиметрге жеткен.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу