Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды

02.05.2024

Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды. Себебі, ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай, 1 мамырдан бастап Астана халықаралық әуежайында түнгі сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды. Қазір рейс кестелеріне өзгерістер еніп жатыр.

Айта кетейік, елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді. Оның ішінде 100-ге жуығы түнгі рейстер. Енді олардың барлығы тәуліктің күндізгі уақытына ауысады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу