Теріскейде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өтті.
15 мың адам, су басқан көшелер мен үйлердің аулаларын қоқыстан тазартты. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы ұйымдастырған шараға, тұрғындармен бірге/ қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Өңірде/ 20-дан астам елді мекенде 3800 үйді су басқан болатын. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдау шаралары жалғасады деді ұйымдастырушылар.
Марат Ермұқанов, Ерікті:
Ардагерлер кеңесінің жанында біздің еріктілер тобы бар. Тиыш жата алмай мынадай кезде, қолымыздан келгенше көмек берейік деп, халықтың басына төнген ауыртпалықты иықпен көтерісейік деп келіп отырмыз. Таза болғанда адамдардың көңілі де көтеріңкі болады.