Қарағандылық кенші әріптестеріне қазақ тілін үйретуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық кенші әріптестеріне қазақ тілін үйретуде

01.05.2024

Қарағанды облысы шахталарының бірінде 5 түрлі ұлт өкілінен құралған ерекше топ жұмыс істейді. Арнайы бөлім қауіпсіздік техникасына жауап береді. Ал қолдары босай қалса шахта ішінен ашылған қазақ тілін үйрететін курсқа барады. 

Жасұлан Қайдарұлы 5 жылдан бері шахтада жұмыс жасап келеді. Кеншінің алғашқы дипломы қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Осыны ескерген шахта басшылығы пилоттық жобаны іске қосқан. Мұнда қазақ тілін үйренгісі келген өзге ұлт өкілдері жиналып, білім алады.

Жасұлан Боранқұл, Тау-кен жұмысшысы:

Басты мақсатымыз әріптестерімізді қазақшаға үйрету. Ойын еркін жеткізбесе де түсініп, жауап қайтарса деймін. 1 ай болды сабақ беріп жүргеніме. Қазірдің өзінде сөйлем құрап үйренгендер бар.

Қазіргі таңда тіл үйренгісі келетін қызметкерлердің қарасы қалың. Арасында қауіпсіздік техникасы бөлімінің жұмыскерлері де бар. Ерекше топта қазақ, украин, неміс, орыс, шешен ұлтының өкілдері де бар. Курсқа келушілердің алды сөйлем құрап, қазақша тілдесуге жарап қалған.

Станислав Катькал, Инженер-Энергетик:

Шынымды айтсам, күнде болса да артық болмайды. Сөйлеспесең ұмыта бересін. Қазақтар қасында болмаса, болмайды ол. Сабақтар бола есіңде тіліңде қалады. Жәй-жәйдан үйреніп жатырмыз.

Бүгінде пилоттық жоба бойынша 20-ға жуық қызметкер аптасына 3 рет тегін тіл үйренуде. 1 айдың ішінде барлық әріптерді игеріп, қазір сөз таптарын меңгеріп келеді. Кеншілер бұл бастама оң нәтиже беріп, ұжымның ауыз біршілігін арттыруда дейді.


Хабарламаларға жазылу