АҚШ сарапшылары Қазақстанның Әзербайжан мен Арменияға келіссөздер алаңын ұсынуын жақсы нышанға бағалап отыр. Еуразия орталығының вице-президенті Ральф Винни бұл кездесу екі ел арасындағы байланысқа үлкен өзгеріс әкелуі тиіс деп санайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында осы екі елге жасаған сапарларында берік, ұзақмерзімді бейбітшілік орнатудың маңыздылығына екпін салған еді. Айта өтейік, тек екі тарап арасында ғана болатын келіссөздер Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.
Ральф Винни, Еуразия Орталығының Вице-президенті:
«Қазақстанның Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік, тәртіп пен тұрақтылықты қалыптастырудағы рөлі маңызды. Бұл кез келген тарапқа оның ішінде Орта Азия үшін де тиімді. Мысалы, Қытайдан бастау алатын «бір жол бір белдеу» жобасы секілді сауда жолдары жанданып, мемлекеттер одан қыруар пайда табар еді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикаға үлкен серпіліс әкелері сөзсіз.