Мемлекет басшысы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты да қабылдады. Ол Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижелері, мемлекеттік органды реформалау барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берді. Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттарына қатысты бірқатар тапсырма берді.