Ақтөбе облысындағы Нұра ауылының үйлері түгелдей қайта салынады. Ырғыз ауданындағы бұл елді мекен толығымен суда қалған еді. Қазір тұрғындар аудан орталығындағы эвакуациялық пунктті паналап отыр. Ауылдағы 103 үйді су басқан. Ал ер азаматтар мен әкімдік қызметкерлері жаңа баспана салынатын орынды белгілеп жатыр. Жер бедерін жақсы білетін мамандардың кеңесі де назарға алынады. Дегенмен, әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Аудан бойынша барлығы 132 үй суға кетті. Ауылдан аудан орталығына көшемін деген тұрғындардың өтініші де қарастырылады. Оларға дайын үйлер сатып алынады.