Үндістанда сынап бағанасы 41 градусты көрсетіп тұр. Аптап ыстықтан елдің оңтүстігіндегі Керала штатында 2 адам қаза тапқан. Марқұмдар - 90 жастағы әжей мен 53 жастағы ер адам. Жергілікті билік температура қалыптан жоғары болатынын ескертіп отыр. Тұрғындарға мейлінше, үйде отыруға кеңес береді. Ал көршілес Тамилнад штатында қайырымды жандар тұрғындарға жеміс-жидек, кокос жаңғағы және салық сусындар таратып жатыр.
Арай Төлеген