Түркістан облысының Келес ауданында балабақшалардың тәрбиешілері бүлдіршіндерге қол жұмсаған. Кейбірі тіпті баланы еден жуғышпен ұрған. Мұндай заңбұзушылықты прокурорлар тексеру кезінде анықтады. Мектепке дейінгі мекемелерде сондай-ақ, тәрбиешілердің балаларды шымшып, ұратыны және қараусыз қалдырып, ұйықтап жататыны белгілі болды. Қазір аудандағы 4 балабақшаның тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға балаларды ұрып-соқты деген айып тағылды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, күдіктілердің ісі сотқа жіберілді.
Айнұр Ақбаева