Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың ісін қарап жатқан сот отырысында, бүгін тараптардың жарыссөзі жоспарланған еді. Бірақ сот отырысы кейінге шегерілді. Алайда, мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков, Байжанов ісіне қатысты мәлімдеме жасады. 434-ші «Қылмысты хабарламау» бабын алып тастап, 432-ші бапты ғана қалдыруды сұрады. Яғни Аса ауыр қылмысты жасырды деген айыптады. Байжановтың адвокаты сотталушымен кеңесу үшін судьядан екі-үш күн уақыт беруді сұрады. Сондықтан сот отырысы 2 мамырға қалды.
Динара Жарқынбек