Алматы облысында жайылымға құрт түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жайылымға құрт түсті

29.04.2024

Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ пен Жалағаш ауылдық округіндегі алқаптарды жебір құрт жайпап тастаған. Ауылдағы 137 шаруа қожалығы мен 2800 егістікке қауіп төніп тұр.

Шағымдарын таспаға түсіріп, хабарласқан шаруалар арнамыздан көмек сұрады. Бір апта ішінде 663 гектар алқапты құрт жеп қойған. Былтыр көктемде шегіртке қаптаса, биыл алқабымыз құрттап, шығынға баттық, дейді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі, зиянкестің бұл түрі аса қауіпті емес, деп отыр. Сондықтан, оны зарарсыздандыру үшін қаржы қарастырылмағанын айтты.

Мұхтар Әлиев, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

Шаруалар өз күшімен тиісті дәрі алып, улау жұмыстарын жүргізді. Жыл сайын шығатын, экономикалық зиянды шегінен артық шыққаннан кейін көбейді. Бірақ та дер кезінде біздің мамандар барып, оның алдында біздің мамандар республикалық диагностикалық орталықтың маманы, біздің инспекцияның маманы оқыту жұмыстарын жүргізген біздің шаруаларға. Жалпы алғанда бұндай зиянкес шықса, ол ҚР Заңы Өсімдік қорғау заңы №331, 11 бабына сәйкес заңды тұлғалар, шаруалар өздері жұмыстарын жүргізу керек.


Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу