Мемлекетке қайтарылған заңсыз активтердің бір бөлігі, тасқынның салдарын жоюға жұмсалады. Бұл жөнінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды. Мемлекетке 40 млрд теңге заңсыз актив қайтарылды. Оның 38 млрд теңгесі ақшалай, қалғаны елордадағы бизнес-орталықтар. Сонымен қатар жиында 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды. Ол қаражатқа Астана мен Шымкентте екі инфрақұрылым нысанын салу көзделген.
Тәуірбек Бозекен