Екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады

29.04.2024

Енді екі жолақты жолда қарсы бағытқа шыққандар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Яғни, «алдында келе жатқан көлікті басып озуға болмайды» деген арнайы белгі бар жерден қарсы бағытқа өткендерге осындай жаза қолданылады. Сондай-ақ, арнайы жолақпен тек қоғамдық көліктер ғана емес, салмағы 5 тоннадан асатын автобустардың да жүруіне рұқсат етілді. Бұл көліктерде жүргізуші орнынан бөлек, жолаушыларға арналған сегізден астам орын бар. Жол қозғалысы ережелеріне қатысты өзгерістер 6 мамырдан бастап күшіне енеді.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу