Тасқын басталғалы Батыс Қазақстан облысына 1200 тоннадан гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын басталғалы Батыс Қазақстан облысына 1200 тоннадан гуманитарлық көмек жеткізілді

27.04.2024

Тасқын басталғалы Батыс Қазақстан облысына 1200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

Оның 502 тоннасы азық-түлік. 260 тоннасы тұрмыстық-гигиеналық заттар, 298 тоннасы құрылыс материалдары. Ал, қалғандары ауыз су, көрпе-төсек пен шаруашылыққа қажет жабдықтар. Облыстық гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінің мәліметінше, жан-жақтан жеткізілген көмек Орал қаласы, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі, Қаратөбе және Ақжайық сынды аудандарға тең бөлінген. Айта кету керек, бүгін таңертең Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен тағы 20 тонна көмек келді.

Сәбит Суатай, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры:

Бұның ішінде азық-түлік, көрпе жастықтар, құрылысқа керек құрал саймандар. Одан бөлек университетімізде Батыс Қазақстан өңірінен 1700-дей студент оқиды. Соның 50 студенттің тұрғын үйлері суда қалды. Сол студенттерге 100 мың теңгеден степендия тағайындалды.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу