«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Көкшетау қаласында да қарқынды жалғасуда. Бүгін қаланың орталығында орналасқан саябақта «Журналистер аллеясы» ашылды. БАҚ өкілдері онда 40-қа жуық көшет отырғызып, шаһарды көгалдандыру бастамаларын қолдады. Бұл игі бастама әлі де жалғасын табатын болады. Алдағы күндері шаһарда көшелерді қоқыстан тазарту, бұлақ көздерін ашу жұмыстары басталады.
Бақыт Смағұлов ҚР Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ашылған осы аллеяның айналысында мынау елге танымал журналистер, осындағы ақпарат құралдары көшеттер отырғызды. Мен ойлаймын, бұл журналистер қауымы осы саябаққа келіп, өздерінің бір сырларын ақтарып, шерлерін ақтарып, осы арада әңгіме-дүкен құрып, бас қосатын орынға айналады деп ойлаймын.
Ұмсындық Наурызбаева