Қытайда QazTrade сауда өкілдігі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда QazTrade сауда өкілдігі ашылады

26.04.2024

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жақын күндері Қытайдың Үрімші қаласында QazTrade сауда өкілдігі ашылады. Бұл туралы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс төрағасы мәлімдеді. Сол өңірдегі коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесуде сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Мәжіліс төрағасы екі елдің депутаттары өзара келісімдер мен уағдаластықтардың орындалу сапасын жүйелі түрде бақылайтынын айтты. Бүгінде Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығының жартысынан астамы Шыңжаң аумағына тиесілі. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов осы өңірде 1 млн 600 мыңнан астам қандасымыз, қазақ бауырымыз тұрады. Олар Қазақстан мен Қытай арасындағы «алтын көпірге» айналды,-деп ерекше атап өтті.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу