Ұлттық музей қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай халыққа ерекше сый жасады. Қазақстанның брендіне айналған «Алтын адамды» облыс орталықтарына апарып, тұрғындардың көріп-танысуына мүмкіндік жасап отыр. Бүгін Петропавл қаласына табан тіреген олар, тұрғындарға құнды жәдігерді көрсетіп, тарихы жайлы баяндады.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ