Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды. Олар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. Тараптар парламентаралық диалог, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының, Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен кездесті. Қытай тарапы Қазақстанның жаһандық ықпалының өсуін, оның халықаралық аренада дауыс беру құқығын арттыруды қалайды. Ал Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен өткен кездесуде баламалы энергия, трансшекаралық электронды сауда, спутниктік телекоммуникация сынды жаңа салаларда байланыстарды тереңдету жайы талқыланды.
Аида Ахметбек