Қазақстан мен Түркия арасында 180 млн доллардың келісіміне қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия арасында 180 млн доллардың келісіміне қол қойылды

25.04.2024

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Түркияға жұмыс сапары аясында екі ел арасында 180 млн доллардың келісіміне қол қойылды. Үкіметаралық комиссияның отырысында тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ осы сапар аясында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум да өтті.

Алдымен Қазақстанның Үкімет басшысы мен Түркияның вице-президенті ірі инвесторлармен кездесті. Басқосуда елімізде инвесторларға көрсетілетін қолдау мен жеңілдіктер таныстырылды. 500-ден аса кәсіпкер қатысқан жиында Қазақстанда 3,8 млрд доллардың 100-ден аса бірлескен жобасы жүзеге асып жатқаны айтылды.

Үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысы аясында кальцилендірілген сода зауыты, суару аппараттарын шығаратын зауыт, логистикалық хаб салу сияқты 180 млн доллардың 10 келісіміне қол қойылды.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біздің елдер арасындағы тауар айналымы тарихи меже 10 млрд долларға жетті. Алдағы уақытта стратегиялық әріптестік көкжиегі кеңейе бермек.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу