Автобус апаты: Прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автобус апаты: Прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

25.04.2024

Алматыда үш адам қаза болған автобус апатына қатысты істі қарап жатқан сотқа, бүгін сол күні ата-анасынан айырылған Ерасыл Байдуалиев келді. Ол осы қайғылы оқиғаға кінәлілер жазалануы керек деді. Апат салдарынан қайтыс болған тағы бір азаматтың жары Айнұр Құсайынова қоғамдық көлікті басқарған Ермек Шөкебаеваның үстінен де Қылмыстық іс қозғалып, жазаға тартылуы қажет екенін айтты. Шөкебаеваның өзі кінәсіз екенін айтып, оқиға кезінде алған соққы салдарынан есінен танып қалғанын тағы да қайталады. Мемлекеттік айыпталушының сөзінше, сотталушы Ахметжанов кінәсін ішінара мойындағанымен, өкініш білдірмеген. Прокурор судьядан сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жандос Саурбаев, мемлекеттік айыптаушы:

8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жолдауыңызды, ҚР Қылмыстық Кодексінің 68 бабының талаптарына сәйкес, Ахметжановтың үкімі заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстауда отырған күндерін жаза тағайындау барысында есептеуіңізді алып тастауыңызды, Құрметті сот және сотқа қатысушылар мен сұрап тұрған жазаның мерзімі заңды және негіз деп санаймын.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу