Су кеткен аумақтар дезинфекцияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су кеткен аумақтар дезинфекцияланып жатыр

25.04.2024

 Су тасыған аймақтарда 4 мыңға жуық нысанда дезинфекциялық алдын алу жұмысы жүргізілді. Ал жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен бірлесе суға кеткен малдың өлексесін өртеп жатыр. Жер құрғағаннан кейін арнайы сараптама жасалып, зертханалық жұмыстар өткізілмек. Оған дейін ең бастысы тұрғындар қарапайым санитарлық талаптарды сақтауы маңызды.

Ғазиз Надуев, санитарлық сараптама және ғылыми практика орталығы басшысының орынбасары:

Ол дегеніміз қайнаған су ішу, бутулкадағы суларды ішу және мүмкіндік болғанша жеміс-жидіктің бәрін қайнаған сумен жуып, пайдалану.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу