Мемлекет басшысының төрағалығымен ҚХА сессиясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен ҚХА сессиясы басталды

25.04.2024

Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын сумен күресуге зор үлес қосқан отаншыл азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар – бәрі бірге жүр. Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын».

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ассамблея мүшелерін қоғамдық кеселдерге қарсы жұмыс істеуге шақырды. Президенттің айтуынша, нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде ұйым маңызды рөл атқарады. Осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылу ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу